«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өз тарихындағы ең күрделі жөндеу жұмыстарының бірін мерзімінен бұрын сәтті аяқтады. ТШО-ның Теңіздегі барлық қондырғыларында өндіріс қауіпсіз қалпына келтірілді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Үш жыл бойы ТШО ең шарықтау шегінде 5200-ден астам қазақстандық маман жұмыс істеген «Кешенді технологиялық желінің-2» (КТЛ-2) жөндеу жұмыстарын мұқият жоспарлады. Жөндеу жұмыстары Теңіз КТЖ-2 технологиялық қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
«Мен ТШО мен мердігер ұйымдар арасындағы берік серіктестікке, сондай-ақ ТШО командасының осы өзгерісті басқарудағы және маңызды белеске жетудегі адалдығы үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан Республикасы...