Электрондық тәсілмен, онлайн микрокредиттер беру қағидалары өзгереді. Ұлттық банктің тиісті құжаты»Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.
«Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгеріс енгізіледі.
Бұл құжатты ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен микрокредиттер беру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін күшейту мақсатында дайындаған.
Енгізілген өзгеріске сәйкес, клиентті тіркеу/авторизациялау рәсімін жеңілдету мақсатында мобильді қосымшада микрокредит алу тәсілін, сондай-ақ микроқаржы ұйымы қабылдағаннан кейін клиенттің банктік IBAN шотының және төлем карточкасының деректемелерін көрсету ұсынылады. Содан кейін ғана микрокредит беру туралы о...