Бұған дейін болжанғандай-ақ, АҚШ Федералды резерв жүйесі 14 маусым күнгі отырысында федералды қор мөлшерлемесін 5,25% деңгейінде қалдырды. Осы күні АҚШ қор нарығы сауда-саттықты әртүрлі бағытта аяқтады. Инвесторлар Федералды резерв жүйесінің ақша-несие саясаты туралы шешімін таразыға салды.
Dow Jones индустриялық индексі 0,7%-ға төмендеді. Индексте спорттық киім өндіруші Nike, чип өндіруші Intel және бөлшек сауда алыбы Walmart акциялары көш бастады. UnitedHealth Group медициналық сақтандыру компаниясы, Boeing аэроғарыш корпорациясы және Уолт Дисней медиа конгломератының бағалы қағаздары арзандады.
Ал S&P 500 кең нарық индексі 0,1%-ға көтерілді. Жеті сектор сауданы қызыл түсте аяқтады.
Nasdaq Composite Technology Index 0,4%-ға көтерілді. Intel, NVIDIA және Broadcom е...