Белгілі заңгер Ержан Есімханов Денсаулық сақтау министрлігін Францияның Conseil Sante компаниясының ақшасын төлемей қойды деп айыптады.
Заңгердің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бір жыл бойы бұл мәселені шешуге тырыспаған және түрлі сылтау айтып жүріп алған.
«Францияда Conseil Sante деген компания бар. Ол бүкіл әлемдегі клиенттерге денсаулық сақтау саласын қалай тиімдірек ету керектігі жөнінде кеңес берумен айналысады. Бұл үлкен әрі сыйлы компания және ол 1976 жылдан бері 150 елде жұмыс істеп келе жатқан одан да үлкен SOFRECO холдингінің бір бөлігі. Осы компанияны 2018 жылдың соңында біздің Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және...