Қазақстанның Қарашығанақ пен Қашаған операторларына қарсы шағымы халықаралық арбитраждық сотта қаралып жатыр. Бұл жайлы Мәжілістің кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«Халықаралық арбитражды сот Қазақстан үкіметінің елдегі ірі мұнай-газ кен орындарын – Қарашығанақ пен Қашағанды игеруші операторларға қатысты шағымдары бойынша істерді қарау рәсімін бастады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр Қарашығанақ пен Қашаған бойынша тиісті процедуралық шаралар қолға алынғанын хабарлаған. Ол сонымен бірге даудың коммерциялық сипатта жүріп жатқанын, оның инвестициялық ахуалға еш әсер етпейтінін жеткізген.
«Яғни өнімді бөлуге қатысты келісім бойынша міндеттемелерді толықтыру мәселесі жөнінде айтып отырмыз. Бұған қатысты шешімд...