Фото: shutterstock.com
Еліміздегі экономиканың нақты секторы қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылады. Бұл туралы сенатор Сұлтанбек Мәкежанов айтты, деп хабарлады kursiv.media.
Ол депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.
Депутаттың айтуынша, экономиканың нақты секторы бойынша шығыстар 18,7% төмендеп, ал әлеуметтік саладағы шығыстар 17% өскен.
«Мұнда даму бюджетінің үлесі 9,2% немесе 2,2 трлн теңге болып қалыптасты. Бұл – 2016 жылмен салыстырғанда рекорд ең төменгі көрсеткіш. Демек даму бюджеттеріне арналған шығыстар 2016 жылмен салыстырғанда 38 есе төмендейді деген болжам бар.
2012 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі аралықта өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімге салымы 30,1%-дан 29,3%-ға дейін төмендеді. Бұл мемлекеттің индустрияландыруға бағытталған саясатты...