фото: kursiv.media
«Самұрық-Қазына» қоры Qazaq Air әуекомпаниясын жекешелендіруге қатысты өтінімдерді қабылдау мерзімін екі аптаға ұзартты. Бұл жайлы қордың баспасөз баяндамасында жазылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қорға тиесілі «QAZAQ AIR» АҚ–ның 49%–дан 100%–ға дейінгі акцияларын өткізу жөніндегі 2023 жылғы 18 тамызында жарияланған cауда-саттықты өткізу туралы хабарламаға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Нақтырақ айтқанда, бірінші кезеңдегі конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі 28 қыркүйектен 13 қазанға дейін ұзартылды. Ал екінші кезеңді қорытындылау бастапқыда жоспарланған мерзімнен екі апта өткен соң, яғни 29 желтоқсанда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Qazaq Air-ді жекешелендіру процесі тамыз айының ортасында басталды. Компания Үкіметтің тиісті жоспарына енгізілген. Сол себептен...