«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры былтырғы 38,6 млрд теңге таза пайдасының 70 пайызын жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне дивиденд ретінде төлемек. 2023 жыл үшін төленетін 27 млрд теңге дивиденд 2022 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Акционердің шешімі Қазақстан қор биржасында орналастырылған.
Акционер қордың 2023 жылғы таза пайдасын 38,6 млрд теңге деп бекітіп, оның 70 пайызын дивиденд ретінде төлеуді бекіткен. Ал таза пайданың қалған 30 пайызы – 11,6 млрд теңгесі қор иелігінде қалмақ.
Кәсіпкерлікті дамыту қорының бір қарпайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері – 973,06 теңге болып бекітілген. Дивиденд шешім шығарылған сәттен 90 күн ішінде «Бәйтерек» холдингінің есепшотына...