Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралды.
Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты жазды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бала туу көрсеткішінің көбеюіне байланысты болашақта білім беру жүйесіне түсетін жүктеменің едәуір артатынын атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын гранттармен қамтуға мүмкіндік береді. Алайда қолданыстағы тәсілдер сақталса, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 15%-ға дейін қысқарады. Бұл ретте Министрлік 2020 жылдан бастап жыл сайын гранттар санын орта есеппен 10%-ға ұлғайтады.
Осыған байланысты...