Бас көлік прокуратурасы ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны енгізбек болған шектеулерді заңсыз деп таныды. Бұл жайды көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін ҚТЖ-ЖТ БАҚ-та 2023 жылдың 1 қазанынан бастап осы шектеулердің енгізілгені туралы хабарланып, оны кәсіпкерлер сынға алған болатын.
«Бас көлік прокуратураның наразылығы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС–нің жеке тармақ иелері мен жүк иелерін өздерінің тиеу алаңдарын заңнамада көзделмеген талаптарға сәйкес келтіруге, олардың кірме жолдарын ашу үшін құжаттар топтамасын ҚТЖ-ЖТ-ға ұсынуға міндеттейтін, сондай-ақ ҚТЖ-ЖТ филиалдарына жеке кірме жолдарды тексеруге мүмкіндік беретін заңсыз телеграф нұсқаулары жойылды», делінген хабарламада.
Телеграфтық нұсқауларды зерттей келе олардың кәсіпкерлер үшін белгілейтін шектеулері заңнамаға...