Бұдан былай Әділет органдарына сот орындаушыларының қаулысын жою құқығы берілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Мәжілістегі заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ аталған құжатты таныстырып, мақсатын түсіндірді. Депутат шығарылған сот шешімінің орындалуы неліктен бірнеше жылға дейін созылып кететінін айтты.
«Өткен жылы мемлекеттік органдарға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы 63%-ға жетті. Ұтылудың тұрақтылығы мемлекеттік органдардың әлі де сот практикасын ескере отырып, әкімшілік қызметтің біркелкілігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдамайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар сот практикасы азаматтар мен бизнес...