«ЭксонМобил» компаниясы Қазақстанға 28 млрд доллардан астам инвестиция салған. Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесу барысында айтылды.
Екі жақты кездесуде тараптар болашақта Теңіз кен орнында сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асыру мәселесін талқылады. Сонымен бірге Қашаған кен орнын одан әрі игеру, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу және газ бөлу кешенін салу жоспарлары жөнінде айтылды.
Үкімет басшысы ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру экономиканың базалық салаларын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.
Ол компанияны жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды. Өйткен жергілікті өндірушіле операторларды...