Онкологиялық ауруларды емдеуде телемедицина және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалана бастайды. Бұл мәселе республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіруге бағытталған «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға» қол қойды.
«Бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген және онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған. Бұл – тиімділігі жоғары ерте диагностиканы енгізуді, мамандандырылған емдеуді, паллиативтік көмек пен оңалту сапасын арттыруды, сондай-ақ кадрлық әлеует пен ғылымды нығайтуды көздейді. Жоспарланған іс-шаралар ерте диагностиканы жақсартуға, мүгедектікті азайтуға және онкологиялық науқастардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», делінген баспасөз...