ERG еншілес компаниясы Қарағанды облысында геологиялық барлау жүргізеді/ erg.kz
ERG тобына кіретін «ERG Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды облысындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізеді. Серіктестіктің кеніш барлау мақсаты үшін жалпы көлемі 2813,7667 гектар жер берілетіні жайлы қаулы жобасы жарияланды.
Eurasian Resources Group тобына кіретін ЖШС-інің Қарағанды облысында орналасқан пайдалы қазбалардың шоғырын анықтауы үшін Ақтоғай ауданындағы жер телімі сервитут негізінде берілетіні хабарланды. Құжатта бұған қатысты:
Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «ERG Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 2813,7667 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 23 тамызына...