Фото: kursiv.media
Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқартқанын жариялағаннан кейін бірнеше сағаттан соң, мұнай бағасы 2%-ға көтерілді.
Атап айтқанда, Brent фьючерстері барреліне 77,64 долларды құраған. Бұл 1,5 долларға немесе 2%-ға қымбат. Ал АҚШ-тың Батыс Техас мұнайы барреліне 1,41 долларға қымбаттап, барреліне 73,15 долларды құрады.
4 маусымға дейін Сауд Арабиясы тәулігіне 10 миллион баррельге жуық мұнай өндіріп келді. Ал шілдеде бұл көлем 9 миллион баррельге дейін төмендейді. Сауд Арабиясының бұл ұйғарымы соңғы жылдары қабылданған ең маңызды шешім, әрі мұнай бағасына айтарлықтай өз әсерін тигізеді.
Венадағы соңғы кездесудің қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің жалпы деңгейін...