Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге алып кетуге тыйым салынған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары белгіленген тыйымдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, мұнай өнімдерін заңсыз әкету фактілерін анықтау және жолын кесу жөнінде тиісті шаралар қабылдауда.
Мәселен, 2023 жылдың басынан бері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 54 700 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 187 фактісі анықталды, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 7,3 млн. теңге айыппұл өндірілді.
Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі ...