Қазақстандық медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер мен бірлестірушілер тобы Нұрсұлтан Назарбаевқа электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі қалыптасқан жағдайды реттеу туралы өтінішімен ашық хат жолдады.
«Сізден Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласында туындаған жағдайға назар аударуыңызды сұраймыз және медицинада жұмыс істейтін қазақстандық IT-компанияларға көмек көрсетуге үндеу жасап отырмыз», – делінген.
4 ай бұрын әзірлеушілер Денсаулық сақтау министрлігіне, монополияға қарсы комитетке ашық хат жолдаған, алайда ешқандай әрекет те, жауап та ала алмаған.
Астанада денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің бірыңғай платформасы таныстырылды.
Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельділік платформасының ұлттық жобасы және соның құрамдас бөлігі болып табылатын электрондық денсаулық паспорты Астана қаласында таныстырылды.
Әзірлеушілердің пікірінше, Қазақстанның денсаулық сақтауды цифрландыру саласында мемлекеттің ұлттық мүдделеріне тікелей қауіп-қатер туғызып, IT-секторды дамытудағы аса...