Фото: kursiv.media
Биыл қаңтар–сәуір айларында әуе компаниялардың табысы 204,6 млрд теңгені құрады. Былтыр осы айларда тапқан табысы 119,6 млрд теңге болған. Жылдық өсім 71 пайызыды құрайды. Әуе компаниялары табысының артуына әуе билеттерінің бір жыл ішінде 29 пайызңа қымбаттағаны себеп. 4 айдағы табыстың 4,2 млрд трңгесі жүк пен багаж тасымалынан, 200,4 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түскен.
finprom.kz жазуынша, экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 2 млрд теңгені құраған.
Биыл қаңтар–сәуір айларында әуе компаниялары 3,6 млн адам тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 36% артық. Ел бойынша жолаушылар ағынымен Алматы көш бастап тұр: қала әуежайынан ұшқан адамдар саны...