Фото: Энергетика министрлігі
Елімізде 1 шілдеден электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделі күшіне енеді. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып Энергетика министрлігіне бағынатын – «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы – есеп айырысу орталығы» ЖШС анықталған.
Бұл – энергия жүйесіндегі теңгерімсіздікті, электр энергиясы тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты қолға алыған шара.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алу:
электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлықты болдырмауға; электр станцияларының техникалық мүмкіндігі негізінде тәуліктік кестелерді қалыптастырудан бас тарту және тұтынушылардың нақты графиктерге көшуі есебінен көрші мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағындарының ауытқуын барынша азайтуға; жұмыс істеп тұрған...