Фото: Автордікі
Алматыдағы «Алтын орда» базарының атқарушы директоры, Қырғызстан азаматы Эрмек Марқабаевтың қамалуына қатысты жақтастары баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың пікірінше, Эрмек Қарасайұлы заңсыз ұсталып отырған көрінеді.
«2 маусым күні «Алтын орда» базарының атқарушы директоры Марқабаев Эрмек Қарасайұлы түсініксіз жағдайда ұсталды. Көліктен ақ ұнтақ зат, қару табылды деген айып тағылып, екі айға тергеу изоляторына қамалды. Алайда, атқарушы директорға тағылған айып негізсіз, оған жала жабылды деп есептейміз»,-дейді Э. Марқабаевтың адвокаты Мақсат Ибадуллаев.
Оның сөзінше, қорғауындағы кәсіпкерді ұстау және қамауға алу кезінде де бірнеше заң бұзу болған көрінеді.
«Менің қорғауымдағы азаматты 2 маусым күн...