Еліміздегі барлық сауда орталықтары мен концерт залдары тексеріледі. Қазақстан билігі Ресейдегі «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан кейін осындай шешім шығарды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көрші елдегі жағдайдан соң елімізде қандай қауіпсіздік шаралары жасалатынын түсіндіріп берді.
Игорь Лепеха Қазақстандағы аумағы 500 шаршы метрден асатын барлық ірі сауда орталықтары мен концерттік залдар, білім беру, денсаулық сақтау және халық көп шоғырланатын орындар терроризмге осал объектілер санатына жататынын мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда біз осы нысандардың барлығын қосымша тексеру үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрын тексерген нысандарды, нұсқау берілген аумақтарға бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Осы санатқа жататын тексерілмеген ғимараттарға барып тиісті жұмыстар...