Қайрат Боранбаевтан қайтарылған «КОМФОРТ ОТЕЛЬ АСТАНА» қонақүйі әлі де мемлекет меншігінде. Аукционға шығарылған қонақүйді ешкім сатып алмаған.
Қонақүй «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің меншігінде тұр. Мекеме бұл нысанды 3 919 431 715 теңгеге аукционға шығарған. Алайда сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі аукцион өтпей қалған.
Шартқа сәйкес объектіні алған адам берілетін мүліктің аумағын қонақүй бизнесін жүргізу мақсаты бойынша қатаң пайдалануы тиіс. Сонымен бірге құжатта сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектіні есепке алуды және сақталуын қамтамасыз етуге, қажет болған кезде оған жөндеу жүргізу, объектіге зақым келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу, ол зақымдалған немесе...