Veon «Beeline Қырғызстандағы» 50,1% үлесін Непалдың CG Cell technologies DAC компаниялар тобына сатуды жоспарлаған. Мәмілені қырғызстандық байланыс операторы жұмысын реттеуші, яғни Цифрлық даму министрлігі мақұлдауы қажет.
Компания мәміле сомасын ашқан жоқ. Келісімге қашан қол қойылатыны да белгісіз. Тек сатылым Veon-ның жұмысын жеңілдету және ірі нарықтарға назар аударуға бағытталғанын хабарлады.
«Сату мақсаты топтың құрылымын жеңілдету және Veon-ды қаржы, ойын-сауық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында цифрлық қызметтерді ұсынатын оператор моделіне айналдыру үшін ірі нарықтарға назар аудару», – делінген компания мәлімдемесінде.
Айта кетейік, VEON компаниясына Beeline брендімен жұмыс істейтін Қазақстан мен Өзбекстандағы ұялы байланыс операторлары, Бангладештег...