Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыс бітіп, көктем келгенде нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары байқала бастайды деп отыр. Қала басшысы бүкіл қаланы аралап, биыл жөнделуі тиіс жолдардың жоспарын бекіткен. Жоспар бойынша, 2024 жылы жалпы ұзындығы 60 км болатын 50-ден астам көше жөнделмек. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Қыс мезгілінен кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады. Жауапты басқарма жол жұмысшылармен бірге жөнделетін көшелердің ұзаққа шыдауын қамтамасыз етуі керек. Жұмыс мінсіз, лайықты күйде және сын көтеретін деңгейде орындалуы керек», — дейді әкім.
Қала басшысы елорданың бүкіл ауданын аралап, биылғы...