2024 жылғы ақпанда Қазақстан мен Қатар бірлесіп «Қашаған» кен орнында газ өңдеу зауытын салуға уағдаласқан. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы қалай қайтарылады? Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында айтты.
«Қашаған кен орнында екі ірі газ өңдеу зауыты салынады. Бірінші газ өңдеу зауыты қазір салынып жатыр. «Қашаған» кен орнында 1 млрд текше метрге арналған зауыт. Екіншісін салу жоспарланып жатыр. 2,5 млрд текше метр газ өңдеуге есептелген. Бұл бағытта коммерциялық келіссөздерді QazaqGaz компаниясы жүргізеді», – деді министр.
Қатарлық компания салған инвестициясын қалай қайтарып алады?
«Инвестиция процессинг арқылы қайтарылады деп жоспарлануда. Бастапқыда осылай жоспарланған. Қатарлық компания мен...