KASE-де төл валютаның орташа сараланған бағамы мереке алдындағы аптаны 0,19 теңгеге төмендеумен аяқтады.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы сейсенбімен салыстырғанда 0,04%-ға (0,19 теңгеге) әлсіреді. Осылайша алдағы бес күнда валюта бағамы 1 доллар үшін 451,27 теңгені құрайды.
20 наурыз орташа сараланған бағам 1 долларға 451,08 теңге болған. Ресми бағам да осындай. Ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып21-26 наурызда доллар 451,27 теңгеден саудаланады.
Ұлттық банк бекіткен ресми бағам 1 доллар үшін 451, 08 теңге.
Ақпанда теңге әлсіреді
Еске сала кетсек, Бірінші кредиттік бюро ақпан айындағы теңге бағамының динамикасына қатысты кезект...