Жыл сайынғы Speedtest жаһандық интернет индексі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Түркіменстан мен Жапониядан артта қалды. Алайда Ресейді басып озды.
2024 жылдың ақпанында Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша бір позицияға төмендеді. Осылайша 35,71 Мбит/с нәтижемен 71-ші орынға ие болды. Түркіменстан Қазақстан Республикасынан (37,23 Мбит/с) озып, 69-шы орында. Жапония 60-шы орында (48 Мбит/с). Көрші елдер арасында Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Қырғызстан (27,25 Мбит/с, 97-орын) мен Ресейден (24,64 Мбит/с, 113-орын) алға шықты.