Эталондық марка Brent бағасы қымбаттай бастады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы «қара алтынның» мамырдағы фьючерстерінің құны барреліне 85,61 долларға дейін 0,27 долларға (0,32%) өсті.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада сәуір айындағы WTI фьючерстері осы уақытқа дейін барреліне 0,29 долларға (0,36%) қымбаттап, 81,33 долларды құрады.
Өткен аптада «қара алтын» бағасы АҚШ-тағы шикізат қорының азайғаны туралы мәліметтер мен ресейлік инфрақұрылымға ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы туралы жаңалықтарға байланысты шамамен 4%-ға өсті.
«Алдын ала бағалаулар бойынша, соңғы күндері Ресейдің мұнайды өңдеу қуатының шамамен 15%-ы зардап шекті. Бұл мұнай экспортының қысқа мерзімді төмендеуіне әкелуі мүмкін. Өйткені билік бұның әсерін...