Шенеуніктер ауданды безендіруге 1 млрд теңге жұмсамақ болған / Фото: kursiv.media
Қарағандыда шенеуніктер мерекелік безендіруге 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны негізсіз жұмсамақ болған. Әлихан Бөкейхан ауданының прокурорлары ауданды мерекелік безендіруге арналған жалпы сомасы 985 156 250 теңгені құрайтын үш жылдық байқаудың күшін жойды.
Байқау күшін жоюға бюджет қаражатын жұмсау ережелерінің бұзылуы себеп болды.
«Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды. Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген», – делінген Қарағанды облысы прокуратурасының хабарламасында.