Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов айтты.
«Референдум болмайды. Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Біріншіден, алаңның орналасқан жеріне қатысты сұрақ бар. Екіншіден, ең бастысы – технология және қаржылық-экономикалық модель. Ол қалай әсер етеді, біз мұны қалай жүзеге асырамыз деген мәселе бар», – деді министрдің орынбасары, Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Оның айтуынша, бүгінде осы салада жұмыс істейтін барлық компания Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниетті. Жақында Корея тарапымен келіссөз жүргізілген. Енді Энергетика министрлігі Қытай тарапынан шақыруды күтіп отыр.
Сондай-ақ Жандос Нұрмағамбетов АЭС-тің орналасқан жері мен оның құрылысын бастау мәселесі әлі шешілмегенін...