«Қазақмыс корпорациясының” заң бөлімінің басшысы Азат Жұмабаев қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қамауға алынған. Бұл жайлы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қарағанды облысының Ішкі Істер Департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік Дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаевты ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстады»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта А.Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары басталған.
«Қазақмыс» компаниясының иелері кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огай. Олар «Kazakhmys Copper» АҚ арқылы «Қазақмыс корпорациясының» 69,37% және 29,73% үлесіне...