ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты.
1. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:30 шамасында еріген судың көп мөлшерінен және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық авто жолының 707-шақырымынан 941-шақырымына (Аягөз қаласынан Боғаз ауылына) дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
2. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 965-шақырымынан 1240-шақырымына дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
3. 2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысына көлік қозғалысының жабылуына байланысты Қызылорда...