Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ARFRDF) «First Heartland Jusan Bank» басшысы лауазымына Гүлмира Жұмадиллаеваның кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен Жұмадиллаева Гульмира Жәнібековна «First Heartland Jusan Bank» АҚ Басқарма Төрағасының лауазымына келісілді (29.03.2024ж. №25/БВУ/П хаттамасы)», – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Арман Мангитов атқарған. 28 ақпанда «First Heartland Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі Банктің басқарма төрағасы Арман Мангитовтың 1 наурыздан бастап өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар қаржы ұйымы Басқарма төрағасының міндетін уақытша Басқарма Төрағасының орынбасары – Қаржы директоры қызметін атқарып жүрген Алан Жабаевқа...