«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы талқыланып жатыр.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізіледі.
Бұйрыққа сәйкес, Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарманың құзыретіне жаңа функциялар беріледі. Атап айтқанда интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидалары әзірленеді және шетелдік онлайн-платформалардың және лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерін...