Бірнеше ай бұрын дау шыққан Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді. «ҚазМұнайГаз» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауытқа Абзал Досжанов басшы болып тағайындалған.
Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенер болсақ, Абзал Досжанов Атырау қаласының тумасы. Еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастаған. Кейін гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығы, кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы болып қызмет еткен.
Ал 2010 жылдан бастап KMG International компаниясында жұмыс істей бастаған. Кейін Петромидия зауытының процестерді жақсарту жөніндегі менеджері қызметін атқарған. Содан кейін Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауыты бас директорының бірінші орынбасары-бас инженер лауазымына дейін көтерілген...