Қазақстанда бюджетті қысқарту үрдісі медицина саласында да көрініс берді. Биыл 1 қазаннан бастап Денсаулық сақтау министрлігі томотерапияны жоғары технологиялық қызметтер тізімінен алып тастаған. Ведомствоның тиісті бұйрығы осы саланың мамандарын, ауыр дертке шалдыққан қарапайым азаматтарды қатты алаңдатып отыр. Себебі онкологиялық науқастар өмірлік маңызды емнен қағылады.
Министрліктің бұйрығына сәйкес, томотерапия әдісімен емдеуге арналған бюджеттік қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылған. Бұл – онкологиялық ауруларды, соның ішінде балаларды емдеуде қолданылатын дәлді радиациялық сәулелендірудің бірегей технологиясы. Бұйрық күшіне енгеннен кейін, томотерапия клиникалық-шығындық топтар (КШТ) бойынша төленетін қызметтер санатына ауыстырылған. Алайда жаңа жүйе бойынша төлем мен мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі бекітілмеген.
Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз...