Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы Күннің аса қуатты 4246-шы белсенді аймағын көрсетті.
«4246-шы белсенді аймақ Күннің арғы бетіне өтіп барады – ол түтін мен жалын ішінде», – делінген зертхана Telegram-арнасында жарияланған видеожазба сипаттамасында.
Айта кетейік, бұл Күннің аталған аймағынан бөлінетін энергия қорын шамамен болжаудың өзі қиын. 10 қазаннан бері 4246 аймақта 100-ден астам жарқыл пайда болған, оның ішінде 25-і — М деңгейіндегі (қуатты) жарқылдар.
«15 қазаннан бастап бұл аймақта Жер орбитасының жазықтығында ірі плазмалық шығарындылар басталды, алайда сол сәтте белсенді аймақ Күн мен Жердің тікелей сызығынан шығып кеткен болатын. Тек алғашқы...