2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 тамызға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде 338 252 балаға шамамен 67,8 млн доллар төленді, деп жазады kursiv.media.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 142 855 азамат жалпы сомасы 36,53 млн доллар мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды.
Оның ішінде 101 472 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 25,76 млн доллар, ал 41 383 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 10,77 млн доллар аударылды.
Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды.
Еске салайық, нысаналы жинақтарын алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе...