Қазақстанда мерзімді әскери қызметін өтеген 1 745 азамат мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қорғаныс министрлігінің ақпартына қарағанда, енді олар елдің жоғары оқу орындарында білім алады.
Ең көп сұранысқа ие мамандық ақпараттық технологиялар болып отыр. Бұл мамандықты 234 адам, яғни грант иегерлерінің 13,4 пайызы таңдаған. Екінші орында – орман шаруашылығы. 136 адам (7,8%) болашақ мамандығын табиғатты қорғау саласына арнағысы келеді. Үшінші орында 134 адаммен (7,7%) коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар мамандығы тұр.
Жоғары оқу орындары арасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті көш бастап тұр. Мұнда 156 грант иегері (8,9%) білім алуға ниет білдірген. Л.Н. Гумилев атындағы...