Қазақстанда медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік бұл ретте Ұлттық статистика бюросының мәліметтерін келтіреді. 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:
туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін); жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін); нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін).Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайған.
Министрлік дерегінше, өлім-жітімнің негізгі себептері бойынша да төмендеу байқалады.
Өлімнің төмендегідей негізгі себептері азайған.
қанайналым жүйесі аурулары – 13,9 пайыз; жедел миокард инфаркты – 6,5 пайыз; инсульт...