«Ordamed» компаниясы науқастар алдындағы жауапкершілігін орындауға және өзінің іскерлік репутациясын қорғауға дайын. ҰҚК айыптауларына компания басшысы Еркін Ділімбетов осылай жауап берді.
«Біз жеткізген құрылғының барлығы зауыттан шыққан, бүкіл ел бойынша медициналық персонал пайдаланып жүр», – деді компания басшысы.
Оның түсіндіруінше, компания жалған құжат жасады деп айыптау дұрыс емес. Сол құжаттар мен өндіріс ережелерін рәсімдеуге байланысты техникалық-құқықтық жағынан дау туындап отыр.
«Компания сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына иелік етпейді және оларды жария етпейді, тек іскерлік беделін қорғау аясында өз ұстанымын ғана білдіреді. «OrdaMed» АҚ мүмкін болған құқық бұзушылықтарды жасыруға мүдделі емес...