Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 36 жастағы Нұржігіттің отбасына барды.
Бұған дейін Бақытжан Базарбек апатқа өзінің қатысы бар екенін растаған еді. Қазір ол зардап шеккен Нұржігітке қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты, деп жазады Kursiv.Media.
«Жағдайы қанағаттанарлық»
Экс-депутат Instagram парақшасында Нұржігіттің туыстарымен кездесуден бейнежазба жариялады. Зардап шегушінің жақындары оның денсаулығы қазіргі таңда қанағаттанарлық екенін және емдеу процесі жалғасып жатқанын жеткізді. Отбасы Бақытжан Базарбекпен тұрақты байланыста екенін және оның тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Базарбектің айтуынша, емдеу шаралары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүргізіліп жатыр.
«Шамалы оң өзгерістер...