Ішкі істер министрінің орынбасары – қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмедегі тәртібі жөнінде сұраққа жауап берді.
Ішкі істер министрлігінде өткен жиыннан кейін, журналистер Абай Қайырбековтен Қуандық Бишімбаевтың тәртібі мен денсаулығы жайлы сұраған.
«Денсаулығы жақсы. Денсаулығы жағын айтар болсақ (сотталған азаматтардың денсаулығы) екі жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігіне берілген болатын. Егер дәрігерлер оны емдеу керек деп шешсе, біз ол ұсынымдарды орындаймыз. Әзірге ондай өтініштер түскен жоқ. Қуандық Бишімбаев сот белгілеген үкім бойынша жазасын өтеп жатыр. Ішкі тәртіптің бәрін сақтайды. Жалпы қылмыстық атқару заңына сәйкес, әрбір сотталған адам өз мекемесінде жұмыс атқарады. Өзін...