Академиялық қарызын жапқысы келген өскемендік студент қыз алаяққа ұрынып қалды. Ол 1,7 млн теңгесін бейтаныс адамға ұстатқан. Бұл туралы Kursiv.Media полиция мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Құзырлы мекеме дерегінше, Өскемен қаласы полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Студент қыздың айтуынша, бейтаныс ер адам академиялық қарызын жабуға және қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді ұсынған.
«Сенімге кірген ол әртүрлі сылтаулармен қызды бөліп төлеу жүйесі мен несиелер рәсімдеуге көндіріп, алынған ақшаны өзінің бақылауындағы шоттарға аударуды талап еткен», – деп жазды polisia.kz.
Студент қыз алаяққа 1,7 млн теңгеден астам ақша берген. Күдікті ұсталды.