2025 жылдың соңында Қазақстанда жеке тұлғалар үшін автокөлікті кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу (автолизинг) бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Алайда үш ай өтсе де, нарықта бірен-саран келісімшарт жасалған. Qazaq Expert Club сарапшысы Әйгерім Ілиясова бұл бағдарламаның неліктен сәтсіз болғанын түсіндіріп берді.
Сарапшының айтуынша, бағдарламаны ұйымдастырушылар мен халық лизингтің екі түрін шатастырып алған:
Операциялық лизинг (халықтың күткені): Бұл – көлікті 2 жылға дейін қысқа мерзімге жалдау. Көліктің жөндеуіне, техникалық күтіміне клиент бас қатырмайды, тек ай сайынғы ақысын төлеп, уақыты біткенде көлікті басқа жаңасына ауыстырып міне береді. Төлем сомасы көліктің толық құнын жаппайды.
Қаржылық лизинг (ұсынылған нұсқа): Бұл – 3 жылдан...