Тамыздың соңына қарай Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасына өтініш қабылдайды. Аталмыш бағдарлама арқылы тек 2016 жылдан бері салынған үйлерден пәтер алуға болады. Сонымен қатар «Ұмай» арқылы сатып алынған пәтерді жалға беруге тыйым салынады. Бұл туралы «Отбасы банктің» Kursiv.Mediа ресми сауалына берген жауабында жазылған.
Бағдарламасы бойынша клиентке алдын ала тұрғын үй заемы беріледі. Қарыз алушы пәтердің 50 пайызын жинаған соң, тұрғын үй заемына көшіп, сыйақы мөлшерлемесі төмендейді. Ипотека нақты қанда пайызбен берілетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін «Отбасы банк» Ляззат Ибрагимова 14 пайыздан басталуы мүмкін екенін айтқан.
Қанша қаржы бөлінді?
2026 жылдың 10 сәуірінде Отбасы...