Қазақстанның егемен кредит рейтингі «тұрақты» болжамды «BBB» деңгейінде
2022 жылғы 17 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB» деңгейін растады.
Орта мерзімді перспективада ағымдағы шоттың профицитімен қамтамасыз етілетін елдің елеулі сыртқы резервтері кредиттік рейтингті сақтаудың негізгі факторы ретінде бұрынғысынша қалып отыр. Fitch Ratings бағалауы бойынша Қазақстанның таза сыртқы резервтері 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37% – ын құрады, бұл салыстырмалы кредиттік рейтингі бар елдер тобы бойынша медиандық көрсеткіштен едәуір асады. Атап айтқанда, 2021 жылы ҚРҰҚ активтері ЖІӨ-нің 33,1% – ын, және алтын-валюта активтері ЖІӨ-нің 18% – ын құрады.
Агенттік елдегі қаңтар айындағы оқиғаларға, геосаяси тәуекелдердің іске асырылуына және...