Qazaq Air әуекомпаниясының «Самұрық-Қазынаға» тиесілі 49-100% акциянларын сату бойынша екі кезеңдік конкурстың жеңімпаздары ретінде бірнеше инвестор жариялануы мүмкін, ал әуекомпанияның мемлекеттік холдинг алдындағы 38 млрд теңге борышы 2033 жылға дейінгі кесте бойынша өтелуі тиіс, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сатжан.
«Иә ( Qazaq Air акцияларын екі кезеңдік конкурс аясында бірнеше инвестор сатып ала алады – Курсив), ал… 38 млрд теңге – бұл компанияның Қор алдындағы бес ұшақты сатып алу үшін қарызы. Кесте бойынша екі транш бар, біреуі 2030 жылы, екіншісі 2033 жылы өтеледі және қазір біз инвестордан осы кесте бойынша міндеттемелерді өтеуді сұраймыз, яғни олар...