Қазақстан билігі 22 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясының елден кететіні жайлы саяси шешім қабылданғанын және акционерлермен келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кейбір ақпаратқа сүйенсек, болашақ сатып алушылардың бірі – ресейлік тау-кен металлургиялық «Северсталь» компаниясы болуы мүмкін. Осы ретте «Курсив» сарапшылармен сұхбаттасып, AMT активтерін тағы кімге және қаншаға сатуға болатынын сұрады.
«АрселорМиттал Теміртаудың» тағдыры туралы мәселенің көтерілуіне 17 тамызда «Қазақстан» шахтасында бес кенші қаза тапқан апат себеп болды. Осыдан кейін қазақстандық билік пен қоғам қайраткерлері АМТ-ның Қазақстаннан кетуі жайлы сөз қозғай бастады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай апаттар АМТ-ның Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді