ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев министрлікте ел азаматтарының Оңтүстік Кореяда заңды негізде жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
«Оңтүстік Кореяда ел азаматтарын заңды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанда «Еңбекке рұқсат беру жүйесіне» енгізу мәселесі пысықталуда. Осы жүйе арқылы жұмысқа орналастыру migration.enbek.kz порталында тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Шетелде жұмыс істегісі келген адамның алдымен тіл үйренуіне, міндетті медициналық тексеруден өтуіне, қажетті құжаттарды рәсімдеуіне еңбек ұтқырлығы орталықтары көмектеседі», деді ол.
Бұл шетелде істейтін қазақстандықтардың құқын заңды негізде қорғау үшін қажет. Осы мақсатта Түркия, Біріккен Араб...